Ақмола облысының прокуратурасы заңнама новеллаларын талқылады.

12 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Ақмола облысының прокуратурасында қызметкерлермен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізгі ережелерін зерделеу өткізілді.

Баяндамашылар негізгі түзетулерді түсіндірумен сөз сөйледі.

Мүлікті тәркілеу кезінде тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғау заңда арттырылғаны, атап айтқанда қылмыстық қудалау органы мен соттың тәркілеу нысанына жатқызылған нақты мүлікті белгілеу міндеті анықталғаны атап өтілді.

Қылмыстық кодексте бірнеше рет жасалған ұрлық белгілері бойынша ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.

Прокурордың сот орындаушыларының жекелеген іс-әрекеттерін санкциялау өкіліттіктерін беру бөлігінде түзетулер және атқару жазбасын жасау үшін сот жүргізуінен нотариусқа бірқатар даусыз талаптарды беру бөлігінде көптеген сұрақтар туындаған.

Осыған байланысты өтпелі кезеңнің ықтимал тәуекелдері талқыланды. Прокурорлардан шешім қабылдау кезінде жоғары зейінді талап етілді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң Президенттің қазан айындағы Жолдауы аясында қабылданған болатын, онда құқық қорғау органдары мен сот жүйесін жаңғырту қажеттігі атап өтілді.

Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңнамадағы өзерістер мен толықтырулар бойынша осындай оқытуды облыс прокуратурасы апта сайын бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу