Ақмола облысының прокуратурасы жастарды жұмысқа орналастыру саласында көптеген жымқыруларды анықтады

27 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасы жастарды жұмысқа орналастыру саласында көптеген жымқыруларды анықтады - 1827187535

Облыс прокуратурасы Жастар саясаты басқармасының қызметін тексеру барысында 22 млн. теңге жалпы сомаға жастарды жұмысқа орналастыруға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру және мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады.

Жекелегенде, «Жасыл ел» жастар отрядтарының қызметін қамтамасыз ету туралы 12 шарт бойынша адамдарды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 10 млн. теңгені жымқыру орын алған.

Ол үшін жастарды жұмысқа орналастыру туралы жалған құжаттар ресімделген («Юность» Ақмола педагогикалық отряды, «Акмолинские лица дебатов», «Kokshetau connect», «Альянс студентов Кокшетау» жастар қоғамдық бірлестіктері және басқалар), содан кейін олардың ақша алғаны туралы жалған қол қойған, және карт-шоттарынан қолма қол ақша алған.

Сондай-ақ 4,7 млн. теңгеге «Жасыл ел» нысанды киімін беру туралы жалған актілер, және де 4 млн. теңгеден астам жалпы сомаға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау туралы жалған есептер бойынша жымқыру фактілері анықталды. 

Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және бюджет қаражаттарын жымқыру фактілері бойынша облыс прокуратурасымен 2 сотқа дейінгі тергеуге бастамашылық етілді, облыс әкімінің және Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының атына ұсыныстар енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған үшін Жастар саясаты басқармасының бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК-тің 207 бабының 11 бөлігі бойынша 11 әкімшілік іс қозғалды, олар айыппұл салумен қаралды.

                 Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу