Ақмола облысының прокуратурасында 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

31 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың 30 желтоқсанында облыс прокуратурасының алқасында 2019 жылғы жұмыс қорытындысы қаралды.

Жалпы облыс бойынша криминогендік жағдайдың бақылануы атап көрсетілді. Қылмыстың тіркелуі 7%-ға азайғаны байқалады.

Үйлестіру шараларымен жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың 4%-ға, отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың 14%-ға, меншікке қарсы қылмыстардың 8%-ға азаюына қол жеткізілді.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың жалпы деңгейі 10 мың адамға шаққанда 216-дан 201-ге дейін төмендеген кезде бұл көрсеткіш Көкшетау қаласында (341), Целиноград (256) және Бурабай (226) аудандарында орташа облыстық көрсеткіштен жоғары.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде балаларға қатысты мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Сонымен қатар, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға баса назар аударылды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 76 тексеру жүргізілді, 1 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 500 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалды. Мемлекет кірісіне 660 млн. теңге өтелді және 1 млрд. теңгеге мүлік қайтарылды.

Қабылданған шаралармен 484 мыңнан астам тұтынушылардың құқықтары қорғалды, табиғи монополия субъектілерінің 21 коммуналдық қызметтерге өтемдік тарифтер енгізілді, тұтынушыларға 3,5 млрд. теңгеден астам сомаға шығындар өтелуде.

Сонымен қатар, ветеренария, жер қойнауын пайдалану, жер құқығы қатынастары және бюджет қаражатын жұмсау салаларында нәтижелі тексерулер жүргізілді.

Мониторинг нәтижелері бойынша кадастрлық құны 24,3 млрд. теңгені құрайтын 1,7 млн. га пайдаланылмайтын 3 мыңнан астам жер учаскесі анықталды. Осы жерлерді қайтару бойынша наразылық жұмыстары жүргізілуде.

Прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуге, оның ішінде шағын және микро бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді сақтауға бағытталған.

Жұмыс қорытындысы бойынша 2020 жылға арналған міндеттер мен басымдықтар анықталды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақмола облысының прокуратурасында  2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды - 551997319
Ақмола облысының прокуратурасында  2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды - 1087282360

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу