Ақмола облысының прокуратурасында кісі өлтірудің алдын алу бойынша Үйлестіру кеңесі өткізілді

01 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасында кісі өлтірудің алдын алу бойынша Үйлестіру кеңесі өткізілді - 1114562746

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Ақмола облысының прокуратурасы Құқық қорғау органдарының Академиясымен бірлесіп заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, онда кісі өлтірудің алдын алу мәселелері талқыланды.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары қатысты.

Соңғы 5 жылда облыста кісі өлтірудің жалпы саны 9%-ға азайғаны аталып өтті.

Сонымен қатар, оң үрдіске қарамастан, 2016 жылдан кісі өлтіру 21%-ға, ауырлататын мән-жайда жасалғандар 27%-ға, өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу фактілері 64%-ға артқан.

Кісі өлтірген үшін сотталғандардың 15%-ында өтелмеген соттылығы болған.

Әрбір үшінші сотталғанға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Отырыс барысында тұрғындарды жұмыспен қамту, пробация қызметінің бақылауын күшейту мәселелеріне назар аударылды.

Қылмыстарды тергеу сапасына, процестік шешімдерді қабылдау уақтылығына ерекше көңіл бөлінді.

Отырыстың қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарына кісі өлтірудің алдын алу іс-шаралардың тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырыстар берілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақмола облысының прокуратурасында кісі өлтірудің алдын алу бойынша Үйлестіру кеңесі өткізілді - 974676362

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу