Ақмола облысының прокуратурасында өз қатарындағы үздіктерді атап өтті

10 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасында өз қатарындағы үздіктерді атап өтті - 823527689

Ақмола облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылу күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Облыс прокуроры Тимур Тәшімбаев ардагерлер мен әріптестерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін облыстық прокуратураның бірқатар қызметкерлері І, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және «Прокуратура үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Сондай-ақ, ынталандыру ретінде облыс прокуратурасы Басқармасы бастығының орынбасары Жанат Тұралиновқа және Целиноград ауданының прокуроры Асқар Жарылқапұлына сыныптық атақтар мерзімінен бұрын берілді.
Ақмола облысы прокуратурасының ардагері Раушан Кленова Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Облыс прокуроры ардагерлерге олардың ұзақ мерзімді, мінсіз қызметі мен жоғары кәсіпқойлығы үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, қызметкерлерге қызметте  сәттілік тіледі.
Мереке прокуратура ардагерлеріне арналған мерекелік шай дастарханымен аяқталды.
 

 

 

Ақмола облысының прокуратурасында өз қатарындағы үздіктерді атап өтті - 2057725658