Ақмола облысының прокурорлары үлескерлердің құқығын қорғауда

04 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен «Коркем-2008» ЖШС және «Жана-Алтай Group» ЖШС-нің екі компаниясының басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оларға 416 мың 700 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Облыс прокуратурасы тұрғын үй құрылысы нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізу барысында құрылыс салушылар тұрғын үй кешендерінің құрылысы барысында жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз немесе «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігінсіз тұрғын үй құрылысына азаматтардың ақшалай қаражатын тартқысы келгені анықталды.

Қазіргі уақытта, жарнама сайттарынан пәтерлерді сату туралы хабарландырулар жойылған.

Сатып алушы танысу үшін кепілдік беру Қорымен жасалған кепілдік беру туралы шарттың, ақшаны тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатының болуы туралы құжаттарды және өзге де ақпаратты құрылыс салушыдан алуға құқылы екенін түсіндіреміз.

Сонымен бір мезгілде азаматтардың құқықтарын бұзбау үшін тұрғын үй сатып алу бойынша шарттар жасасу кезінде аса қауіпті және ойластырылмаған мәмілелерден сақтаймыз.

Егер Сізге үлестік құрылыс саласындағы бұзушылықтар туралы белгілі болса, объектіні салу жері бойынша прокуратура органдарына немесе әкімдіктерге хабарлауды сұраймыз.

 

Ақмола облысының прокуратурасы