Ақмола облысының прокуроры «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың қабылдауын өткізді

12 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуроры «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың қабылдауын өткізді - 2039969067

Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық қоғамдық қабылдауында Ақмола облысының прокуроры Тимур Тәшімбаев азаматтардың қабылдауын өткізді.

Барлық өтініштер бақылауға алынып, облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелер басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ақмола облысы прокуратурасының жанында Құқық қорғау қызметі орталығы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Орталық заңдық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Қабылдау жұмыс күндері сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін, Көкшетау қ., Біржан сал к-сі, 36 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Ақмола облысының прокуроры «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың қабылдауын өткізді - 1041402793

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу