Ақмола облысының прокуроры «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың қабылдауын өткізді

13 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуроры «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың  қабылдауын өткізді  - 769206960

Ағымдағы жылдың 12 наурызында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Ақмола облысының прокуроры Айдос Серікханұлы Майлыбаев азаматтардың қабылдауын өткізді.

Барлық өтініштер бақылауға алынып, облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелер басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Ақмола облысы прокуратурасының жанында Құқық қорғау қызметі орталығы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Орталық заңдық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Қабылдау жұмыс күндері сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін, Көкшетау қ., Біржан сал к-сі, 36 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақмола облысының прокуроры «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың  қабылдауын өткізді  - 931035461