Атбасар ауданы прокуратурасының бастамасымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

24 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Іс-шара Атбасар ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығында а.ж. 20 қыркүйегінде өтті. Жұмысқа пробация қызметінің өкілдері мен сот орындаушылар қатысты.

Атбасар ауданының Білім бөлімі, Атбасар Грейн ЖШС, Жастар Атбасар ЖШС, «Атбасар» сауда орталығы, «Атбасар Технопарк» ЖШС, Атбасар ауданаралық көп салалы аурухана, «Целина» ҚҚ, «Атбасар Су» ШЖҚ МКК, «№4 Еркежан балабақшасы» МҚКК-дан 75 бос жұмыс орны ұсынылды.

Жәрмеңкеге 70 жұмыссыз адам қатысты, соның ішінде алимент бойынша және мемлекет кірісіне қарызы бар тұлғалар. Келушілер ұйым басшыларымен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алды.

Нәтижесінде 8 адам еңбек шартын жасасты.

8 адамның 6-ы алимент бойынша берешегі бар, 2-і мемлекет алдында берешегі бар.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу