Біржан Сал ауданының прокуратурасымен жалған дипломдар анықталды

05 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Біржан Сал ауданының прокуратурасы оқушылардың сапалы орта білім алу құқықтарын қорғау мақсатында Білім туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Жұмыс барысында жалған дипломдарды пайдаланудың 15 фактісі анықталды.

Мәселен, орта-арнайы білімі бар педагог қызметкерлер әртүрлі кезеңдерде лауазымдық айлықақыларына үстеме алу мақсатында ауданның жалпы білім беретін мектептеріне жоғары білім туралы жалған диплом берген.

Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиет, дене шынықтыру, математика және еңбек мұғалімдері жалған дипломмен сабақ өткізген.

Жалған құжатты қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша 15 мұғалімге қатысты қылмыстық істер қозғалды.

Кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, сот әр педагогке 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу