Браконьерлік бойынша баспасөз хабарламасы

19 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Браконьерлік бойынша баспасөз хабарламасы - 2100297743

Браконьерліктің алдын алу және жолын кесу мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұр.

Ақмола облысы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасы бойынша уәкілетті органдармен браконьерлік фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Жыл басынан бастап полиция қызметкерлерімен және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарымен Аңшылық қағидаларын бұзғаны үшін 190 тұлға, ал Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін - 272 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Браконьерліктің алдын алу және жолын кесу шеңберінде заңсыз қойылған аулардан су айдындарын тазарту бойынша мезгіл-мезгіл акциялар өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 14 мамырында табиғатты қорғау прокуратурасының және Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен Зеренді ауданының Мырзакөлсор көлінде жалпы ұзындығы 5 шақырымнан астам балықшылық аулар анықталды.

Ауланған балық табиғи ортаға жіберілді, балықшылық аулар жойылды.

Аталған су айдыны 1972 жылдан бастап Көкшетау қаласының ағынды сулардың (шаруашылық-зәрнәжістік және өнеркәсіптік сарқындарының) жинақтауышысы болып табылатынын атап өткен жөн.

Көлде балықшылармен өндіріліп, Көкшетау және Петропавл қалаларының базарларында заңсыз сатылатын «Тұқы» балығы бар.

Осыған байланысты, азаматтарды балық өнімдерін сатушылардың ветеринарлық анықтамалар мен зертханалық зерттеу актілерін ұсынғаннан кейін ғана сатып алуға шақырамыз.

 

Ақмола облысының прокуратурасы