Еліміздің Бас Прокуроры тыл еңбеккеріне алғыс білдірді

06 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында қадағалау ведомствосының басшысы Ақмола облысының прокуратура органдарының ардагері Бекболат Сәдуақасұлына алғыс жариялады.

Бекболат Сәдуақасұлы өзінің 91 жасына қарамай, өзінің оптимизмімен және белсенділігімен ерекшеленді, спортпен шұғылданады, көптеген монографиялардың авторы болып табылады. Кеңес елінің миллиондаған азаматтарымен бірге тылда аянбай еңбек етті. Прокуратура органдарында 37 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін, тың және тыңайған жерлерді көтергені үшін және т. б. көптеген медальдармен марапатталған.  

Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың атынан ардагерге бағалы сыйлық және құттықтау хаты табыс етілді.

Облыс прокуроры 1941-1945 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарына 20-дан астам өңір прокурорлары шақырылғанын атап өтті. Олар: С.А. Әміржанов, С. Жангуатов, Б. Бейсембин, О. Сейітов, Ж. Ыбраев, К. Бейсов және т. б.

Прокуратура қызметкерлерінің қазіргі буыны отан бостандығын сақтап қалған ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің есімдерін әрдайым есте сақтайтын болады.

Барлық ақмолалықтарға денсаулық, игілік және бейбіт аспан тілейміз.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы