Есіл ауданының прокуратурасы коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғады

25 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысы Есіл ауданының прокуратурасымен еңбек қатынастары саласындағы заңдылық жағдайына мониторинг жүргізу барысында «Есіл горкомхоз» коммуналдық кәсіпорнының жалақы төлемеу фактісі анықталды.

Жекелегенде, кәсіпорын ағымдағы жылдың мамырынан шілдесіне дейін жалақы төлемеген. Нәтижесінде 159 қызметкердің алдында 10 млн. теңге сомада берешек пайда болған.

Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша жалақы бойынша берешек 6,6 млн. теңге сомаға ішінара өтелді, мұнымен кәсіпорынның 107 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Ұсынысты орындау еңбек құқықтарын бұзуды толық жойғанға дейін бақылауға алынды.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу