Халықты жұмыспен қамту саласындағы бұзушылықтар

17 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасы Жұмыспен қамту картасын және Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша тексеріс жүргізу барысында бюджет қаражатын жымқыру, мақсатсыз және тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады.

Жекелегенде, Жұмыспен қамту орталықтары қысқа мерзімді оқуларға, жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін адамдарды жіберген, бұл 11 млн. теңгені ұтымсыз пайдалануға әкеп соқты.

Әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарын құру кезінде 5,6 млн. теңге сомаға бюджет қаражатын жымқыру, 3 млн. теңге сомаға қарыз қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.

50-ден астам қызметкерге 2,2 млн. теңге сомаға зейнетақы төлемдері аударылмаған.

Тексерістің нәтижесі бойынша облыс прокуратурасы 16 сотқа дейінгі тергеулерге бастамашылық етті, әкімдікке 18 қадағалау актісін енгізді.

21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, зейнетақы заңнамасын бұзулар жойылды, 4 млн. теңгеден астам мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

Облыс прокуратурасы актілердің орындалуын бұзушылықтар толық жойылғанға дейін бақылауға алды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу