Көкшетау қаласы тұрғынының прокурорлардың кәсібилігі үшін алғыс хаты

08 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасына азамат Н.И.Шевчуктың алғыс хаты келіп түсті, онда ол құқық қорғау қызметі орталығының қызметкерлеріне оның бұзылған құқықтарын қорғауға көрсеткен көмгі үшін алғыс білдіреді.

Мәселен, осы жылдың ақпан айында зейнеткер, оның рұқсатынсыз атына екі несие ресімделгені, осы жағдайдың шешімін табу өтінішімен  Орталыққа жүгінді. Екеуі де интернет бойынша онлайн сұраныс арқылы берілген, ал зейнеткерде гаджеттер жоқ және оларды қалай пайдалануды мүлдем білмейді.

Нәтижесінде зейнеткерге қатысты нотариуспен «Zing Kazakhstan» ЖШС пайдасына - 164 мың теңге және «Capvia» ЖШС - 34 мың теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы екі атқарушылық жазба жазып берілді.

Орталық прокурорларымен Н.И.Шевчуктың құқықтарын қорғау мақсатында атқарушылық жазбаларға қарсылықтарын жасауға көмек көрсеттілді, олардың негізінде соңғылары жойылды.

Сонымен қатар, прокуратураның талабы бойынша Көкшетау қаласының полициясы белгісіз тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Айта кету керек, осындай көмек Көкшетау қаласының екі тұрғыны Қабдрешева мен Тәшімоваға да көрсетілді, оларға 70 мыңнан астам және 180 мың теңге сомасында заңсыз несие ресімделген.

Алаяқтықтың жиеліп кетуіне байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтардың жеке құжаттармен жүгінген кезде мұқият болуға, олардың көшірмелерін немесе басқа да анықтамалық мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруден қалыс қалуға шақырады, ал қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу