Қопа көлінде 2,5 км астам желі орнатылды

18 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.Ж. 16 қыркүйгінде Көкшетау қаласының Қопа көлінде Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Көкшетау қаласының полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жалпы ұзындығы 2,5 км астам 27 заңсыз орнатылған балық аулау желісін анықтады.

Заңсыз аулау табиғи ортаға шығарылды, балық аулау желілері жойылды.

Полиция органдары кінәлілерді анықтауда.

Сонымен қатар, Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдар браконьерлік фактілерді анықтау бойынша басқа да іс-шаралар жүргізуде.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мен Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аң аулау ережесін бұзғаны үшін 220 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал балық аулау ережесін бұзғаны үшін 420 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу