Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

05 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. желтоқсанның 5-нен 12-не дейін облыс прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында (Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 36 үй) Бас прокуратураның қызметкерлерімен азаматтарды қабылдауы ұйымдастырылатын болады.

Желтоқсанның 10-нан 12-не дейінгі кезеңде аймақтарға шығып осындай қабылдау жүргізу жоспарланып отыр:

10 желтоқсанда Степногорск қаласында қала прокуратурасының ғимаратында, мекенжайы: 4-шағын аудан, 6-үй;

11 желтоқсанда Атбасар қаласында аудан прокуратурасының ғимаратында, мекенжайы: Л.Белаш көшесі, 44-үй;

12 желтоқсанда Щучинск қаласында аудан прокуратурасының ғимарытында, мекенжайы: Елемесов көшесі, 75-үй.

Аймақтағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша көрсетілген күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) жүгінулеріңізге болады.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу