Лексус жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынды

14 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Степногорск қаласының тұрғыны тиісті рұқсатсыз карантиндік аймақтан тыс жерлерге шығуға тырысты. Степногорск-Ақсу-Мамай автожолының блок бекетінде джип жүргізушісі аумақтан шығудан бас тарту алды.

Полиция қызметкерлерінің шешімімен келіспей, жүргізуші өз бетімен блок бекетті айналып өтіп, дала арқылы өтуге тырысты.

Теміржол жолдарының белгіленбеген жерінен өту кезінде жол талғамайтын көлік кептеліп қалды. Осы уақытта, жол бойында тепловоз қозғалып, оның машинисті рельстерде көлікті көріп, тежеуді амалсыз қолданған.

Жүргізуші ұсталды және оған қатысты карантин аумағына ерекше кіру/шығу тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Осылайша, Степногорск тұрғыны төтенше жағдай талаптарын елемей, темір жол қатынасының қалыпты жұмысын бұзған және машинистің шебер іс-әрекетінің арқасында ғана аса ауыр зардаптар болған жоқ.

Осыған байланысты прокуратура сот алдында 15 тәулікке қамауға алу түріндегі ең жоғары жаза тағайындау туралы өтініш жасады.

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Степногорск қалалық соты құқық бұзушыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы