Орман заңнамасын бұзуға қарсы күрес туралы

12 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың сақталуын қадағалау прокуратура қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Табиғатты қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар облыс аумағында арнайы рейдтер жүргізеді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Сандықтау ауданында рейд жүргізу кезінде тікелей міндеттеріне орманды қорғау кіретін жауапты тұлға ұсталды. Орманшы 10 қарағайды заңсыз кесіп, мемлекетке 120 мың теңге залал келтірді. Кейін ол бір жарым жыл мерзімге орман шаруашылығы саласындағы лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, 100 сағаттық қоғамдық жұмыстарға сотталды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Бұланды ауданында ағаштарды заңсыз кесу орындарында тағы 3 тұлға ұсталды. Олардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, әрқайсысы 10 АЕК айыппұл төлеуі керек.

Құқық бұзушылықтармен күрестің үнемі жетілдіріп жатқандығы туралы  уәкілетті органдардың өз жұмысында «Қазақстан Ғарыш ​​Сапары» ҰК АҚ орман алқаптарының ғарыштық мониторинг деректерін қолдану фактісі дәлел бола алады.

Осындай деректерді қолдану нәтижесі орман мекемелерінің 21 қызметкерін орман заңнамасын бұзғаны үшін әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тарту болды.

Орман учаскелерін ұзақ мерзімге пайдалануға беру, пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтау қадағалау органның көру өрісінде.

Қадағалау актісі бойынша заң талаптарын жүйелі бұзғаны үшін ұзақ мерзімді орманды пайдалану туралы 3 шарт бұзылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу