Прокуратура органдарының ардагерлері назардан тыс қалмады

17 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура органдарының ардагерлері назардан тыс қалмады - 1571816064

Коронавирус пандемиясы азаматтар өмірінің барлық салаларына әсер етті.

Оқшаулау жағдайында – прокуратура органдары жүйесінің тірегі болып табылатын ардагер қызметкерлер қалды.

 «Ақмола облысының прокуратура ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен бірге облыс басшылығы, ардагер әріптестерін қолдауға шешім қабылдады.

Көмек тыл еңбеккерлеріне, мүгедектерге және жалғыз тұратын зейнеткерлерге көрсетілді.

Прокуратура органдарының қызметкерлері ардагерлерге азық-түлік кәрзеңкелерін, антисептиктер мен медициналық маскаларды жеткізіп беруді ұйымдастырды.

Бұдан басқа, біздің аға әріптестеріміз шағым жасаған басқа да тұрмыстық және әлеуметтік мәселелері бойынша көмек көрсету қарастырылуда.

Облыс прокуроры барлық ардагерлерге өзін-өзі қорғау кезеңін аман-есен бастан өткеріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Прокуратура органдарының ардагерлері назардан тыс қалмады - 1892305344