Прокурордың атына алғыс

04 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы Бас прокурорының атына "PROGRESS FOOTBALL ACADEMY" балалар футбол академиясының директоры Р. Құлматовтан алғыс хат келіп түсті, ол жедел көмек көрсеткені үшін Бурабай ауданының прокуроры Асқар Байжановқа алғыс білдіреді.

Өз хатында Р. Құлматов қаңтар айының басында Бурабай кентінде балалар арасында мини-футболдан турнир өткенін жазады. Елордаға кері бару келесі күні Щучинск қаласының теміржол вокзалынан жоспарланған болатын.

Алайда, техникалық себептер бойынша команда құрамы рейске кешігіп, 35 баланы жаттықтырушылар құрамымен билеттің шектеулі санына байланысты бейтаныс қалада қалуға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда көмекке аудан прокуроры Асқар Байжанов келді, ол Щучинск қаласының балаларын елордаға дейін шығарып салуды ұйымдастырды. Футбол клубы тәрбиеленушілерінің ата-аналары трассада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектескені үшін прокурорға алғысын білдіреді.

"Асқар Балталұлының ақ пейілі пен қамқорлығын атап өткім келеді. Сізге лайықты кадрларды тәрбиелегені үшін жеке алғысымызды білдіреміз", - деп автор, ҚР Бас Прокурорына жолданған алғыс хатында атап өтті.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу