Степногорск прокуратурасының актісі бойынша мүгедектердің жеке көмекшілеріне негізсіз ұсталған салық сомалары қайтарылды

18 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қала прокуратурасымен «Степногорск қалалық тірек-қимыл аппараты бұзулыған мүгедектер қоғамы «Ерлік» ҚБ-нің қызметінде жеке көмекшілерден жеке табыс салығын негізсіз ұстап қалу бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 319-бабының 2-тармағы 25-тармақшасына сәйкес мүгедек Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды.

Барлығы 60 көмекшінің 700 мың теңге негізсіз ұсталған.

Прокуратура актісі бойынша барлық қаражат мүгедектерге жеке көмек көрсететін жеке тұлғаларға қайтарылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу