Төтенше жағдай кезеңінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау туралы

15 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Коронавирусты инфекцияның пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап елдің барлық аумағында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақмола облысының тұрғындары төтенше жағдай режимін 170-тен астам бұзды.

Облыс соттарымен 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды. Айыппұл түрінде 79 адамға жаза тағайындалды, 63 - адам қамауға алынды, 5 - ескерту жасалды.

Мәселен, облыс орталығының орта мектептерінің 10 сынып оқушысы ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осындай әкімшілік жаза ағымдағы жылдың 13 сәуірінде 21 сағаттан кейін қоғамдық орында болған Көкшетау қаласының тұрғынына қолданылған.

Облыс прокуратурасы ағымдағы жылдың 12 сәуіріндегі Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс аумағында 2020 жылдың 13 сәуірі сағат 21.00-ден 25 сәуірі аралығында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайлары бар қосымша шектеу шаралары енгізілгенін еске салады.

Бұл шара облыс аумағында вирустық инфекцияның таралуымен байланысты.

Осыған байланысты, облыс тұрғындарына тағы да өз тұрғын үйлерінен шықпауға, саналық танытуға және жақындарына қамқорлық көрсетуге кеңес береміз..

Елдің әрбір азаматының мүддесі үшін уақытша шектеу шараларын сақтау. Тек осылай ғана біз бүгінгі күннің сын-қатерлерін еңсере аламыз.

 

Ақмола облысының прокуратурасы