Түзеу мекеменің қызметкері сотталды

17 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түзеу мекеменің қызметкері сотталды - 1529700232

2019 жылдың қыркүйегінде Степногорск қ. прокуратурасына Степногорск қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірінің әкесі мекеме қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданды.

Арыз берушінің айтуы бойынша, 2019 жылдың шілдесінде ұлының өтініші бойынша оларға сотталғанды жалпы қамқорлығы мен ұстауға қолайлы жағдай жасау үшін азамат  К.- ға арналған 400 мың теңге сомаға «QIWI» электрондық әмиянына ақшалай қаражат енгізілді.

Қала прокуратурасы осы фактілерді тексеруді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырды.

2020 жылдың 21 қаңтарында Степногорск қалалық соты                       азамат К. – ны Қылмыстық кодекстің 366-бабында көзделген - пара алу  қылмыстық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 12 млн. теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Сондай-ақ, бұрынғы қызметкер «әділет майоры» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Осылайша, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің заңсыз қызметі тоқтатылды.

Осы  бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі