Ұлы Абай шығармалары Ақмола облысының прокуратура қызметкерлерінің орындауында әлемнің әр түрлі тілдерінде айтылды

18 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ұлы Абай шығармалары Ақмола облысының  прокуратура қызметкерлерінің орындауында  әлемнің әр түрлі тілдерінде айтылды - 409775234

Ақмола облысының прокуратурасы ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған байқау ұйымдастырды. Іс-шараға облыс және аудан прокуратураларының жас қызметкерлері белсене қатысты.

Абай шығармалары әлемнің 116 тіліне аударылғандығы бәріне мәлім. Облыс прокуратураларының қызметкерлері әр түрлі ұлт өкілдерінің тиісті нақыштағы ұлттық киімдерінде ұлы ағартушы- ақынның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс және әзірбайжан тілдерінде оқыды.

Аңызға айналған «Көзімнің қарасы» әні де барлық көрермендердің үлкен ықыласына бөленді.

Жас ұрпақ - облыс прокуратурасы қызметкерлерінің балалары да іс-шарадан тыс қалмады, олар Абайдың шығармаларын жатқа оқып, осылайша қазақтың көрнекті ақынының шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ұлы бабамызға құрмет көрсетті.

Бүгінгі іс-шарадағы ұлы Абайдың шығармалары халықтар арасындағы терең байланыстың, ізгі құрмет пен түсініспеншіліктің дәлелі болды.

Байқау соңында Абай оқуларының қатысушылары облыс прокурорының естелік грамоталарымен  марапатталды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Ұлы Абай шығармалары Ақмола облысының  прокуратура қызметкерлерінің орындауында  әлемнің әр түрлі тілдерінде айтылды - 1043739194
Ұлы Абай шығармалары Ақмола облысының  прокуратура қызметкерлерінің орындауында  әлемнің әр түрлі тілдерінде айтылды - 1051663417
Ұлы Абай шығармалары Ақмола облысының  прокуратура қызметкерлерінің орындауында  әлемнің әр түрлі тілдерінде айтылды - 1110050684

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу