Заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Ақмола облысының Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті

13 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз ету және  қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Ақмола облысының  Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті - 274118891

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Ақмола облысының прокуратурасында 2 мәселе қаралды: 2020 жылғы су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық және қылмыстық процесті цифрландыру туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Казводхоз, Қазавтожол, Қазгидромет кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ қала, аудан әкімдері бейнеконференция режимінде және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Елді мекендерден 500 мың куб метрден астам қар шығарылды. Жедел әрекет ету мақсатында облыстың азаматтық қорғаныс қызметтерінің жалпы саны 2445 адамнан тұратын, , 1090 техника, 237 сорғы, 60 су техникасы құрылды.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін барлық уәкілетті органдардың келісілген жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Қарау нәтижелері бойынша барлық мүдделі ұйымдарға ағымдағы жылдың көктемінде төтенше жағдайларды жою бойынша қосымша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар берілді.

Екінші мәселе бойыншы Ақмола облысы бойынша ҚР БП  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Басқармасының ақпараты тыңдалды.

Қылмыстық іс жүргізудің электронды форматқа сатылы көшуі Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қарастырылып, Мемлекет басшысымен бекітілгені туралы белгіленді.

Отырыс қорытындысы бойынша құзыретті мемлекеттік органдарға тергеу және анықтау қызметкерлерінің электрондық форматта сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін жұмыс орындарымен техникалық жарақтандыру мәселесін шешуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

                  

Ақмола облысының прокуратурасы

Заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз ету және  қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Ақмола облысының  Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті - 353369609