Ақмола облысының прокуроры Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев тағайындалды.

Тимур Тәшімбаев 1965 жылы Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасының тергеушінің тағылымдамадан өтушісі болып бастады. Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасының тергеушісі, прокурордың көмекшісі, сондай-ақ Алматы облысы Іле ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, орынбасары болып қызмет етті.

Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет етті, Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры, Астана қаласы прокурорының орынбасары болды.

2007 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті.

2012 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасының жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент бастығы болып қызмет етті.