Ақмола облысы прокуратурасында Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

29 августа 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысы прокуратурасында  Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті - 772417796

Ақмола облысының прокуратурасында Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, онда облыс прокуратурасының және прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Облыс прокуроры Т.Ғ.Тәшимбаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, жеке құрамға ҚР Конституциясының қабылданғанына 24 жыл толуына, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған хроникалық-деректі фильм көрсетілді. 

10 қызметкер II және III дәрежелі «Прокуратура ардагері», «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды. 

Ведомстволық наградаларды табыс еткеннен кейін прокуратураның жас қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Осылайша, аудандық прокуратуралардың қатарын 11 жас қызметкер толықтырып, салтанатты түрде прокурор антының мәтінін айтты.

Облыс прокуроры жас прокурорларды ант қабылдаумен құттықтап, жаңа қызметкерлер біздің облыс прокуратурасының даңқты дәстүрлерін арттыратынына сенім білдірді.

Ант қабылдағаннан кейін жас қызметкерлер үшін облыс прокуратурасының мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақмола облысы прокуратурасында  Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті - 877384760

Комментарии

Добавить комментарий