Мобильді топтың жұмысы

29 июля 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

          Қала           тұрғындарында COVID-19(бұдан әрі  – КВИ) таралуына байланысты дәрі-дәрмектерге (бүгінгі күнде сұранысқа ие олар вирусқа қарсы және антиперитикалық препараттар, антибиотиктер) сұраныс артқан. Сонымен қатар, сұраныстың артуы аясында жосықсыз кәсіпкерлердің дәрілік заттарға шекті бағалардың асып кету жағдайлары да жиілеп кетті. Мұндай фактілерге жол бермеу  шеңберінде  қала прокуратурасымен Полиция департаменті, экономикалық тергеу, Ақмола облысы тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы, сондай-ақ ЖАО-мен  бірлесе отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. 

         Бүгінгі күнде дәрілік заттарды шекті бағадан асырып сатқаны үшін қаланың екі дәріхана қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігінің тәртібінде (дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаны асыру)әкімшілік жауапкершілікке тартылды.    

         ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігін (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) оған рұқсаты жоқ дәрілерді сату) бұзғаны үшін үш тұлға жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ алты әкімшілік іс сотта қаралуда.          

         Мобильді топтың жұмысы жалғасуда.

        

                                                                                                                                   Көкшетау қаласының прокуратурасы