Ақмола облысының прокуратурасында жер қойнауын заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

09 октября 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасында жер қойнауын заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды - 58113290

Ақмола облысының прокуратурасында жер қойнауын заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

 

Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстың құқық қорғау органдары және уәкілетті мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Прокурорлардың талдау шеңберінде уәкілетті органдардың қызметінде көптеген бұзушылықтарды анықтағандары аталып өтті.

Бұл жер қойнауын пайдаланушылардың 38 млн. теңгеден астам сомаға әлеуметтік аударымдарды бюджетке төлемеу, 43 жер учаскелерінде рұқсат құжаттарының болмау, 37 жағдайда келісім-шарт аумағынан шығып кету фактілері.

Нәтижесінде, прокурорлық ықпал ету шараларымен кең таралған пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде тауар-көлік жүкқұжаттарының болмағаны үшін 147 жүк көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көрсетілген бұзушылықтар жергілікті атқарушы органдар Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, сондай-ақ полиция органдарының тарапынан бақылаудың нашарлауынан мүмкін болды.

Кеңестің қорытындысы бойынша жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жаңа жоспар бекітілді, құқық қорғау және мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Комментарии

Добавить комментарий